Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жалған дін ағымдары немесе Қайдан келген жұқпалы ауруы?

Қазіргі таңда біздің елімізді жаулап алған жалған дінді таратушылар немесе басқаша айтқанмен «секталар» саны артуда. Солардың ішінде ең ірілері мен танымалдары да бар. Солардың бірі, біздің еліміздің аумағында заңсыз түрде өз қызметін жалғастырып жатқан - «Свидетели Иеговы» атты ағымы. Сонымен бүгін қозғайтын әңгіме осы жалған діни ағымға тікелей байланысты және де халықты ақпараттандыру және алдын ала ескерту мен сақтау мақсатымен жазылған. Өйткені соңғы бірнеше жыл ішінде осы ағымға байланысты көптеген қылмыстық істер қозғалып заңсыз екені дәлелденген.

Тарихына көніл аударатын болсық бұл ағым XIX ғасырдың екінші жартысында АҚШ-та пайда болған. Бүгінгі өз атауын тек 1931 жылы Ч.Рассел бастауымен иемденеді. Олар өздерін қасиетті «Библияны» насихаттайтындармыз дегенімен Ч.Расселдің өз қолымен жазылған «Исследования Священного Писания» атты жетітомды кітабы жолын ұстанады. Яғни, олар «Библияны» өзіне ыңғайлы түрге келтіріп, насихаттайтындары екені анық.

Иеговистердің ойы бойынша мәңгілік өмірді тек «Свидетели Иеговы» ағымына кіру арқылы лайық болуға болады. Олардың сеніміне сенетіндерге ақыр заманға жан тәнімен сену тән болып келеді, сонымен олар оны 1874, 1914, 1975, 1984 жылдарына болжаған. Қазіргі кезде осы қауымдастықтың мүшелері Армагедон күні (ақыр заман) қашан келетінін ешкім біле алмайды деп айтады. Тіпті өз сөздерінің өздеріне қайшы келетінен ақ бұл ағымның жалған екенін байқауға болады.

Осы ағымның каноникалық ерекшеліктері оны христиан дінінің барлық бағыттарына қарама-қайшы келеді, яғни христиан мәртебесіне сай келмейтініне әкеледі. Сонымен қатар, олар өздерін протестанттар қатарына жатқызбайды, бірақ християнбыз деп есептейді.Осындай көзге және санаға ұратын сейкессіздіктер біршама жеткілікті.

Олардың антихристияндық болмысының мәні әрине басқа християндық конфессиялардың «Свидетели Иеговы» қауымдастығына қарсы болуына әкелді. Сонымен, 1994 жылы мамыр айында халықаралық христиандар «Тоталитарные секты в России»атты қорытынды жиналысында «Біз «Свидетелей Иеговы» ағымында пайда болған Евангелияда бұрмаланулары бар екеніне күәміз» деп шешім шығарған.

Сонымен жеріміздің арғы бетіндегі АҚШ-дан кеіп, Ресейден бізге жұққан бұл ауруды дереу тежеуіміз керек. Біздің тұрмызымызға, болмысымызға, тарихымызға, ұлтымызға жат нәрсе екені айдай анық. Өзіңіз бен өз жақындарыңызды ескертіп бұл пәледен аулық ұстаныздар.

0
5
996

Осы тақырып бойынша