Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

жалған

Менен қалып қалды артымда,

Тоқтауға болмайды тек қана.

Қашып барам мен одан жалтаң қарап,

Жүрегім қимай әттең жылап..

 

Білемін, әлі сағынамын  мен оны,

Ауырады жүрегім жастарымен қызыл қанды..

Болмайды, қазір тоқтауға , иә!  болмайды..

Әйтпесе арманның бәрі жоғалады!

 

Бұл арман болмас та  еді, білесің бе?..

Болмаса түрлі тосын сыйлар бұл бір жалған өмірде..

Қорқынышты жай  ойлаудың өзі бір сәтке,

(Болашақта)  Мына жолдың әкелетінін  қай бір торға...

 

Не болса да келемін нық мен басып ,

Қадамымды баяулатпай, басым тік ұстап.

 

Алла болды жалғыз досым бұл жалғанда,

Тастамайтын, алдамайтын ешқашан да..

Қалмайды өйткені  менде  сенер ешкім ,

Болмаған да шығар ондай адам өмірімде..

 
1
0
341

Осы тақырып бойынша

жалған - Yvision.kz