Жаңғырудың риторикасы – адами құндылықтар мен ұлттық менталдылықта жатыр!
Үшінші жаңғыруға біз қадам бастық па?, әлде, әлем бе?
Бастапқыда, осы сұрақтар мені кәдімгідей мазалады. Ойландым, терезеге қарадым. Үстелге отырдым. Бірақ, нақты шешімін таба алмадым. Қатты дамып кеттік дейін десем, алдымызда нарығы «қалың» Қытай, ақшасы «жасыл» АҚШ тұр. Сондықтан, демімді ішке тартып, сәл ойландым. Негізі, даму бар. Әсіресе, адами қалпымыз, жаңғырған салт-дәстүріміз һәм тегіміздегі қасиетіміз. Осылардың барлығы қазақты дара етеді. Мына нәрсеге қарап отырып осылай ой түйдім:
* Қазақстан әлемнің алпауыт елдерімен терезелес дәрежеге жетті. Өз ұстанымы, бағыты бар ел!
* Бұған, жаһандық дипломатияға қосып жүрген үлесін айта аламын. Сирия келіссөзі, кезіндегі Украина мәселесін шешуге ат салысу, әрі қарай бара берсек, Таулы қарабақ мәселесін ушықтырмай ретке келтірудегі рөлі, т.с.с. кете береді.
Жолдаудың түйіні болған – 5 негізгі басымдықтар есті адамның есінде шығар. Соның ішіндегі ең ірісі – «терроризм мен экстремизм» қатерімен бірге күресу.
Бізде, өкінішке орай мұндай проблемалар бар. Дін саласындағы радикалды көзқарастарды айтам. Тіпті, мұндай идеологиялар жасырын болса да насихатталады. Былай айтсақ, мұның ошағы нақты дәлелденіп, толықтай залалсыздандырылған жоқ. (жаһанда!) Кесте, жоспар бойынша бәрі дұрыс. Небір «қасқабастар» түрлі жоспар, ұсыныстарын ғылыми дәлелдеп жасап шығарды. Жарамдысы бар, жарамсызы бар. Бір сөзбен айтсақ, тойтарыс беруге қауқарымыз жетеді деген ойдамыз. Лайым солай болсын! Айтпақшы, Елбасы айтқан, осы мәселелердегі сын-қатерлердің алдын алу үшін баршамыз жұмылуымыз керек. «Төзбеушілік» мінезімізді көрсетіп, күдік бола қалатын ошақтарын анықтауға барымызды салуымыз керек. Президент идеясы осы. Бірақ, көрші елдің басшысы Путиннің ойы басқашалау екен. (басқаша ойлайды) Алдағы уақытта ТМД елдерінде теракт болуы мүмкін деп, айды аспанға бір-ақ шығарды. Қазақ мұндайда, әтәңәлет, басыңа көрінсін!, дейді.
Меніңше, бастысы елдің амандығы, халқымыздың бірлігі! Пафос емес, кешегі Петербургтегі теракт (беті аулақ!) біраз саяси жымысқы ойдың бетін ашып тастады.
