Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Жақсылық жасаудан жалықпа!"

Ұялы ауылдық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында, Батыс Қазақстан облысы бойынша «Nur Otan» партиясы аймақтық филиалдары бастауыш партия ұйымдары арасында өтетін «Бастауыш-партия негізі» айлығы негізінде «Жақсылық жасаудан жалықпа» атты қайырымдылық концерті және қолөнер жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Қайырымдылық шарасынан түскен қаражат мүмкіндігі шектеулі төрт мектеп жасындағы балаға берілді. Сонымен қатар, осы айлық аясында қамқорлыққа мұқтаж қариялардың үйіне барып үй шаруасына көмек көрсетілді. #жақсылықжасауданжалықпа

0
0
137

Осы тақырып бойынша