"Жақсықылыш" БПҰ кездесу
Бүгін «Жақсықылыш» бастауыш партия ұйымында «NurOtan» партиясы мүшесінің Этика кодексін» талқылап, таныстыру мақсатында санитарлық талаптарды сақтай отырып, партия белсенділерімен арнайы жиналыс өткізілді.
Жиналыс барысында бастауыш партия ұйымының төрағасы П.Берсүгіров «Nur Otan» партиясы мүшесінің Этика кодексімен» жиынға қатысушыларды таныстыра келе – бұл құжаттың жайдан жай шықпағанын, ол ең алдымен біздің Ата заңымыз - Конституциямыздың нормаларына сүйеніп жасалған партия мүшесінің Ережесі екендігін атап өтті.
- Конституциямызда біз құқықтық мемлекет боламыз деп анық жазылған. Құқықтық мемлекет қалыптастыру тіршілігімізге қажетті заңдарды қабылдаумен бітпейді. Тіпті сол заңдардың орындалуына жауап беретін құзырлы органдардың жұмысымен де шектелмейді. Адам құқығының сақталуын қамтамасыз ете алған мемлекет сөз жоқ құқықтық, ізгілікті, зайырлы, өркениетті ел бола алары хақ. Яғни заңды орындап, заңмен өмір сүруге бейімделу, оны күнделікті тұрмыс ауанына айналдыру. Жай сөзбен айтқанда –Заңмен өмір сүруге әр азамат міндетті әрі мүдделі болуымыз керек . Әр адам саналы түрде Заңның алдында адалдық сақтауы, өзінің арының алдында адалдық сақтауы – қоғам талабы.
Партиялық этика, әдептің сақталуы, орындалуы - сайып келгенде қоғамға оң ықпалын тигізері хақ . Ізгілікті қоғамның рухани әлеуеті - сөз жоқ әрбір саналы азаматтың үлесінен құрылатыны да аян. Осы тұрғыда «NurOtan» белсенділері де ашықтықпен атсалысуға міндетті.
