Жақсы әйел жаман еркекті төрге, жаман әйел көрге сүйрейді
Бос сөз бен (популизм) нақты істің айырмашылығын білгің келсе Инга Иманбай мен Жанболат Мамайдың іс-әрекетін бақылау жеткілікті. Бір нәрсені айтады, бірақ мүлдем басқаны істейді. Сөздері мен істері қарама-қайшылыққа толы Мейлі, Мамайды қоя берші. Ингаға не жоқ. Әйел – әлем. Ұлттың діңгегі мен болашағы, шаңырақтың жылуы мен берекесі дейміз. Ингаға қарасаң, айтылған сөздерден теріс айналып кетуге болады.
Өйткені, Инга Иманбай қандай жұмысты қолына алса да бәрі құрдымға кетіп, аяғы айқай-шу, ұрыс-керіспен аяқталады. Жүрген жерінде шөп шықпаған. Мәселен «Саяси қалам. Трибуна» газетінде жұмыс жасағанда, газет құрдымға кетті. Ақшаны талан-таражға салып, ақыры соттасумен аяқталды.
Осыған байланысты танымал блогер Денис Кривошеев былай дейді. «Әблязовтың билікті әшкере етуге бөлінген ақшасын газетке жұмсамай, Мамай қазіргі тұрып жатқан үйін салып алған. Бұл афераны іске асыруға Инга көмектескен (https://web.facebook.com/sterling.kz/posts/10157746984071940?_rdc=1&_rdr)». Нәтижесінде газет банкортқа ұшырап, жабылып тынды.
Содан кейін Инга Иманбай Адам құқықтары жөніндегі ұйымда жұмыс жасап, онда қазақтың болмысына мүлдем жат еліміздегі трансгендерлердің құқығын қорғаған. Сол уақытта Инга көптеген ұлтшыл азаматтардың қатаң сынына ұшыраған болатын. Келесі кезекте, Инга Иманбай «тоқсан жылдық тарихы бар» «Жас Алаш» газетінде бір жарым ай ғана қызмет атқарды. Инга Иманбайдың қызметінен қуылуына «Жас Алашқа» емініп, басылым саясатына өзінің Демпартиясының идеяларын тықпалаған. Бұл іс-әрекеттері «Жас Алаштың» қожайыны Салтанат Атушеваға (Алтынбек Сәрсенбаевтың жесірі) ұнамай, нәтижесінде оны редакциядан шығарып салған. Ерлі-зайыпты Инга Иманбай мен Жанболат Мамай көп жылдан бері оппозицияның «сұр кардиналы» Төлеген Жүкеев «қамқорлығында».
Қазір Инга Қазақстанда сөз бостандығы жоқ, біз сөз бостандығын жақтаймыз дегенді желеулетіп пасық ойларын іске асыруда. Бірақ осы сөз бостандығы дегендері бос сөз болып шықты. Өзінің әлеуметтік парақшасында түрлі ақпараттар жариялайды. Сол ақпараттың астына азаматтар ақпаратқа қарсы пікір немесе дәлелін сұраса, пікір қалдырғандарды өшіріп тастайды. Өзіне ыңғайлы дүниелерді қалдырады. Кеудесін ұрып айтатын ұрындары құмға сіңген су сияқты жоқ болып кетеді. Осылай Адам құқықтары жөніндегі ұйымнан алған гранттарын іске асырып отырған шығар.
Жеке өміріне келсек, Инга тұрмысқа шықпас бұрын, Жанболаттың әйелі болған. Ж. Мамайдың отбасын ойрандатып, артынша соған тұрмысқа шығып алады. Аузынан неше-түрлі ақ ит, көк ит кіріп-шығып жатады. Оған қой деп айтатын Жанболат жоқ. Қазақта жақсы сөз бар «Жақсы әйел жаман еркекті төрге, жаман әйел көрге сүйрейді» дейтін. Бұл сөз Инганы айналып өткен сияқты.
Инга да ұл-қыз тәрбиелеп отыр емес пе. Ертең олар өскенде кім болмақ. Инга қазақтың ұлт болып қалыптасуына қарсы жұмыс жасап отыр емес пе?
Осылай бәрін ойрандатып жүрген жайы бар.
