Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Жаңажол» БПҰ есеп беру-сайлау жиналысы

Бүгін "Жаңажол" бастауыш партия ұйымының төрағасы Уразалиев Асылан Қанатұлы онлайн форматта есеп беру - сайлау жиналысын өткізді.

Күн тәртібінде:

БПҰ-ның 2019-2020 жылдары атқарған жұмыстары туралы есеп және алдағы кезеңге арналған міндеттер;

Төрағаны және төрағаның орынбасарларын, қажет болған жағдайда - БПҰ Бюросын сайлау;

Партияның тиісті аудандық филиалының конференциясына делегаттарды сайлау.

1-ші мәселе бойынша "Жаңажол" бастауыш партия ұйымының төрағасы А.Уразалиев "Nur Otan" партиясының мүшелері мен атқарылған жұмыстары туралы мәлімет берді.

2-ші мәселе бойынша "Nur Otan" партиясы Жаңақала аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Саматов Рухолла Аманғалиұлы сөз сөйледі. Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша

Жаңақала аудандық филиалының конференциясына делегат ретінде мені және әріптесім Асқар Сағынғалиұлын сайлады. Уақыттың өзі бізден бірлікті талап етіп отырған бүгінгі таңда командалық рух пен топтаса отырып, біз болашаққа, жаңа жетістіктерге, жаңа табыстарға бара аламыз!

1
0
160

Осы тақырып бойынша

«Жаңажол» БПҰ есеп беру-сайлау жиналысы - Yvision.kz