Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жаңажол ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өтті

"Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру барысында үміткерлер "Nur Otan" партиясы Казталов аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасына кеңінен тоқтала отырып,бағдарламада көрсетілген аталған ауылдық округке қатысты бірқатар маңызды мәселелерді де атап өтті. Кездесу барысында кәсіпкерлік сала,мемлекеттік бағдарламалар,әлеуметтік мәселелер кеңінен талқыланып,тұрғындардың сауалына мардымды жауаптар берілді. Сонымен қатар үміткерлер 10 қаңтар күні өтетін ҚР Парламенті мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауында партияны қолдауға шақырды. Сайлаушылар тарапынан партияның игі істерінің арқасында халықтың әлеуметтік жағдайының жақсарып,экономикамың тұрақталып,тұрақтылық пен бейбітшіліктің негізі қаланғаны айтылып,еліміздің жетекші партиясын қолдайтындықтарын жеткізді.

"Nur Otan" партиясы Казталов аудандық филиалы

0
0
179

Осы тақырып бойынша

Жаңажол ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өтті - Yvision.kz