Жаһандық бәсекеге қабілеттілік: Қазақстан Республикасының рейтингі
Дүниежүзілік экономикалық форум (ДЭФ) Ұлттық талдау орталығының веб-сайтына сәйкес, 2016 жылы 28 қыркүйекте 2016-2017 арналған жыл сайынғы Жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингі жариялады. Әлемдегі 138 елдің арасында бәсекеге қабілеттілік рейтингісінде 2016 жылы зерттеулерге сәйкес, Қазақстан 4,41 жалпы орташа балмен (2015 жылы 4,49) 53-ші орынды (2015 жылы 42-ші орын) иеленді. Рейтингтегі Қазақстанның көршілері биылғы жылы Руанда (52-орын) және Коста-Рика (54-ші орын) болды. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы арасында Қазақстан Азербайжан (37-орын) мен Ресейден (43-орын) кейінгі үшінші орында тұр. ТМД қалған елдері келесі кезекпен орналасты, Грузия 59-орын, Тәжікстан 77-орын, Армения 79-орын, Украина 85-орын, Молдова 100-орын, Қырғызстан 111-орын. Бәсекеге қабілеттілік 12 фактор бойынша анықталатын болса, Қазақстанда 5 фактор бойынша даму, 7 фактор бойынша нашарлау байқалды. Даму бойынша ең жақсы көрсеткіш Инновация факторы (59, +13) болса, ең төменгі көрсеткіш Мактроэкономикалық орта (69, -44) факторы бойынша. Жылдық есепте Қазақстан өткен жылмен салыстырғанда жалпы деңгейі төмендеген, бұған себеп мұнай экспортынан түсетін пайданың кемуінен мемлекеттік бюджет көрсеткішінің азаюы. Елімізде мемлекеттік бәсекеге қабілеттілік индексі анықталатын 114 индикатордың 40 индикаторы бойынша ілгері басу байқалады, 65 индикатор бойынша төмендеу және 9 индикатор бойынша ешқандай өзгеріс жоқ. Бизнес ашу үшін қажетті процедуралар (22, +35) және бизнесті ашуға қажетті күндер саны (26, +27), Ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстар мен Университеттер арасындағы сабақтастық (66, +22), Интернет көрсеткіштері (41,+21), Орта біліммен қамту (21,+21) сияқты салаларда айтарлықтай ілгері басу байқалады. Қазақстанның позициясының нашарлауына келесі индикаторлар әсер етті, ЖІӨ (Жалпы ішкі өнім) қатысты бюджет балансы (108, -98), несиелерге қол жеткізу жеңілдігі (89, -45), венчурлық қордың қол жетімділігі (92, -33) инвестициялар үшін салық тартымдылығы (57%; -29). Сонымен қатар, Қазақстанның тағы да төмендеген көрсеткіштері, Қаржы инструменттерінің бизнес үшін қол жетімділігі (76,-23), Тарифтік емес кедергілерді таралуы (67, -22), ЖІӨ пайызбен экспорт (87, -21), Құнды қағаздар биржасының реттеу жұмыстары (108, -21) және Бизнестің тұтынушы сұранысына сай болу деңгейі (89,20). Алғашқы үштікке Швейцария, Сингапур және Америка Құрама Штаттары кірді. Ал тізімді келесі елдер тамамдады, Йемен (138), Мавритания (137) және Чад (136). Дамудың әлемдік тенденциясын зерттей келе мамандардың айтуынша, «Дамудың барлық кезеңдерінде экономикалардың ашық 10-жылдық төмендеуі елдің инновацияларды қабылдау және дамыту деңгейіне кері әсер етеді». Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан Республикасы Бүкіл әлемдік экономикалық форуммен өткізілетін мемлекеттік бәсекеге қабілеттілікке қатысу тарихында ең жақсы көрсеткішін 2015-2016 жылдары көрсеткен еді, ол кезде Қазақстан 140 елдің ішінде 42-орынға ие болған, алдыңғы көрсеткішін 8 пунктке көтерген.
Елдің бәсекеге қабілеттілігін мемлекеттің ерікті, әрі әділ бәсекеде тауар өндіру және сату мүмкіндігіне қарап ажыратуға болады. Сонымен қатар, осындай шартпен өндірілген тауар әлемдік нарықты қанағаттандырып, халық пен елдің әр тұрғынының әл-ауқатын арттыруға ықпал етуі керек.
Халықаралық тәжірибеде елдердің бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін және рейтингін көрсететін әр-түрлі әдістер бар және олар үнемі жетілдіріліп отырады.
Мұндай әдістер әр түрлі көрсеткіштер бойынша айқындалатын бәсекеге қабілеттікті анықтау факторларын жүйелеуге, ақырлы нақты нәтижесін алуға негізделеді. Дүниежүзілік экономикалық форумның және Менеджментті дамыту халықаралық институтының әдістері ұсынылған ұлттық экономикалардың бәсекеге қабілеттілігін әлемдік экономиканың ең толық жылдық талдау болып саналады. 1996 жылға дейін, екі компания елдің бәсекеге қабілеттілік бір рейтингін құратын. Атқаратын функциялары әр түрлі екі компанияға бөлінгеннен кейін оларда бірнеше пункттерде айырмашылықтар болды, алайда екі компания да елдердің бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын отчеттар шығарады. Мәселен, 2014 жылдың рейтингін құру кезінде Менеджемент және дамудың халықаралық институты 60 елді есепке алса, Дүниежүзілік Экономикалық Форум 144 ел бойынша мәліметтерді қарастырған.
Жоғарыда аталған екі ұйымның ең үлкен айырмашылықтары, әрине, бәсекелестікті есептеу әдістемелерінде.
Менеджментті дамыту Дүниежүзілік экономикалық форумның және Халықаралық институтының бәсекеге қабілеттілігін бағалау үшін әдістемесі
|
Дүниежүзілік экономикалық форум |
Халықаралық менеджментті дамыту институты |
|
Жалпы бәсекеге қабілеттілік 114 көрсеткіш бойынша құрылады, олардың 34 халықаралық ұйымдардың статистикалық көрсеткіштеріне қатысты болса, қалғандары елдегі компаниялрдың бірінші басқарушыларымен сұхбат нәтижесінен алынады. Осы көрсеткіштер негізінде келесі факторлар анықталады: |
Әр ел төрт басты фактор негізінде қарастырылады , олар өз кезегінде бес подфакторлардан тұрады, нәтижесінде осы жиырма подфактор 338 критериге жинақталады. Елдердің бәсекелестігін факторлары мен подфакторлары келесі тізімде: |
|
1. Негізгі қажеттілік |
1 Экономикалық қызмет |
|
1.1 Институттар |
1.1 Ішкі Экономика |
|
1.2 Инфраструктура |
1.2 Халықаралық сауда |
|
1.3 Макроэкономикалық орта |
1.3 Шетелдік инвестициялар |
|
1.4 Денсаулық сақтау және бастапқы білім |
1.4 Жұмыспен қамту |
|
2. Пайдалылық күшейткіштері |
1.5 Баға |
|
2.1 Жоғары білім және кәсіби даярлық |
2 Үкімет тиімділігі |
|
2.2 Тауарлар мен қызметтер нарығының тиімділігі |
2.1 Мемлекеттік қаржы |
|
2.3 Еңбек рыногының тиімділігі |
2.2 Фискалдық саясат |
|
2.4 Қаржы нарығының дамуы |
2.3 Институционалдық орта |
|
2.5 Технологиялық дайындығы |
2.4 Бизнес жөніндегі заңнама |
|
2.6 Нарық Көлемі |
2.5 Әлеуметтік жүйе |
|
3 Инновацияларды және біліктілікті дамыту |
3 Бизнес Өнімділік |
|
3.1 Компаниялардың бәсекеге қабілеттілігі |
3.1 Өнімділік және тиімділік |
|
3.2 Инновациялық әлеуетті |
3.2 Еңбек нарығы |
|
3.3 Қаржы | |
|
3.4 Басқару | |
|
3.5 Қатынастар мен құндылықтар | |
|
4 Инфраструктура | |
|
4.1 Негізгі инфрақұрылым | |
|
4.2 Инфрақұрылым технологиясы | |
|
4.3 Ғылыми-зерттеу инфрақұрылымы | |
|
4.4 Денсаулық сақтау және қоршаған ортаны қорғау | |
|
4.5 Білім беру |
Естеріңізге салып өтсек. Бүкіләлемдік бәсекеге қабілеттілік индексі Колумбия Университеті профессорымен Дүниежүзілік Экономикалық форумға ұсынылған. Ол бойынша алғашқы есеп 2004 жылы жарияланды, содан бері жыл сайын елдерді 12 фактор, 114 индикатор бойынша зерттеп, есеп жариялануда.
Қазақстан Республикасы әлемдік экономикада орын алуға еңбек етуде. Құзыретті органдар өз қызметі аясында барлық қажетті жұмыстарды атқаруда, мәселен, заң шығарушы органдар, мемлекеттік қызметтің құқықтық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады, сонымен қатар, бизнес ашуға қатысты іс-шаралардың тиісті деңгейде жүргізілуіне мүдделі. Басқармалармен жүргізілетін жұмыстар азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілердің құқықтық білгірлік дәрежесін жоғарлатуға көмектеседі.
Әділет органдары мемлекеттің Бүкіләлемдік экономикалық форуммен ұйымдастырылатын жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған іс-шараларды жүргізуге, сол мақсатта қабылданған заңнамалардың толыққанды орындалуына қарайды. Стратегиялық жоспарлардың жүзеге асырылуы – бәсекеге қабілеттілік рейтингісінде біздің еліміздің беделін арттырудың тиімді тәсілі.
Ұлттық экономикалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері әлемдік экономиканың әр елі үшін маңызды. Жаһандану жағдайындағы ерекше назарға алынады және ұлттық мүддені қорғау негізінде дамиды.
