Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жаңалық «Нұр Отан» партиясының қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалында азаматтарды қабылдау

2018 жылы 25 қазанда сағат 10.00-де Қостанай қ. «Нұр Отан» партиясы қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының қоғамдық қабылдауында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Тлемісұлы Мұратбековтің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Сырым Қажымұратұлы Нәсидің, медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері жөніндегі басшысының орынбасары А.Қ. Душанованың және департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі А.Р. Айтуарованың қатысуымен азаматтарды қабылдау өтті.

Азаматтарды қабылдау барысында мүгедектік тобын белгілеу мәселелері бойынша қабылдауға келген азаматтарға құзыретті жауаптар берілді. ҚР ЕХӘҚМ-нің әдеп жөніндегі уәкілі С.Қ. Нәси қатысушыларға Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің негіздерін түсіндірді, сондай-ақ қызмет алушылар департамент қызметкерлері тарапынан дөрекі қарым-қатынасқа тап болды ма деген мәселелерді сұрастырды, қызмет алушылар департаментке жүгіну кезінде дөрекі қарым-қатынасқа, сыбайлас жемқорлық көріністеріне жолыққан емеспіз деп жауап берді. Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі А.Р. Айтуарова қабылдауға келген азаматтарға мәселелер туындаған жағдайда тікелей оған жүгінуді ұсынды және байланыс телефондары көрсетілген визиткаларды, сондай-ақ азаматтарды қабылдау кестесін үлестірді.

Әдеп кодексінің нормаларын жүзеге асыру үшін тиімді көмекті әдеп жөніндегі уәкіл көрсетеді, қызметін әдеп жөніндегі уәкіл туралы ереже регламенттейді. Ережеге сәйкес әдеп жөніндегі уәкілдің рөлі және қызметі мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын сақтауды қамтамасыз етуге, олардың жауапкершілігін арттыруға, ұжым мен қоғамда жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға бағытталған. Мемлекеттік қызметшілер мен азаматтар мүдделер қақтығысы немесе басқа этикалық мәселелер болған жағдайда кеңес алуға жүгіне алады.

Сонымен, әдеп жөніндегі уәкіл өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және әдеп кодексі саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелерінде консультациялық көмек көрсетеді,                      сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда, оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды.

Ұжымдағы жағымды моральдық-психологиялық ахуал, әріптестерінің арасында жақсы қарым-қатынас әрбір мемлекеттік қызметкердің жұмысына оң әсер етеді, нәтижесінде мемлекеттік органның қызметінің тиімділігін арттырады. Ұжымдағы моральдық-психологиялық климаттың жай-күйіне және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауына мониторинг жүргізу мақсатында анонимді сауалнама жүргізіледі.

Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі азаматтарға кеңес беру, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау болып табылады.

Мінез-құлық стандарттары жаңа сапалы деңгейге көтеріліп келе жатқанын атап өту керек, ол мемлекеттік қызметшілерден жоғары жауапкершілікті және мінез - құлықты өздігінен бақылауды талап етеді, ал ол өз кезегінде мемлекеттік қызметтің имиджіне оң әсерін береді.

0
0
573

Осы тақырып бойынша

Жаңалық «Нұр Отан» партиясының қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалында азаматтарды қабылдау - Yvision.kz