Жаңадан салынған жатақханалардың құрылысы тексерілді
Студент жастарды жатақханамен қамтамасыз ету еліміздің Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен жарияланған 5 институционалды реформа бағдарламасының басты және негізгі бағытының бірі болып табылады.
Осыған байланысты, «Jas Otan» ЖҚ ШҚОФ қаламыздағы жаңадан бой көтерген студенттерге арналған жатақхананың құрылысымен танысып қайтты. Нысан 288 орынға арналған, барлық стандарттарға сай және студенттерді қабылдауға толығымен дайын.
Акционерлік қоғам тарапынан мемлекеттік тапсырыс орналастырудың арнайы механизмі дайындалды, ол жатақханалардағы жаңа орындар үшін мемлекет тарапынан құрылыс ұйымының шығындарын жартылай немесе толық төлеуді қарастырады.
«Семей қаласы нағыз студенттер шоғырланған, білім ордасы - деп айтсақ артық емес, студенттердің сапалы білім алып, жақсы маман атануы барлығымыз үшін жауапты жұмыс. Сол себепті, жатақханамен қамтамасыз етілуі, білім сапасының артуына да үлкен әсер етеді» - деп, «Jas Otan» ЖҚ ШҚОФ төрағасы Айтмұқаш Алмас өз ойын білдірді.
Жаңа жатақхананың студерттерге ұнайтынына сенімдіміз.
