Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жаңаарқа кентінде тыл және еңбек ардагерлерімен агитациялық кездесу өткізілді

"NurOtan" партиясының Жаңаарқа аудандық сайлауалды штабы Жаңаарқа кентінде тыл және еңбек ардагерлерімен агитациялық кездесу өткізді.

Кездесу барысында партия бағдарламасының басым бағыттары әңгімеленіп, ой-пікірлер тыңдалды.

"NurOtan" партиясы аудан халқының барлық топтарының мүдделерін білдіру және халық пен билік арасындағы байланыстырушы буын ретінде әрекет ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтын болады.

Партия бағдарламасы Жаңаарқа ауданы тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға, ауданды әртараптандырылған, өмір сүру үшін жайлы аумақ және бәсекеге қабілетті экономика құрылымымен серпінді дамитын нақты шараларды ұсынады.

Партия барлық азаматтармен және қоғамдық бірлестіктермен идеялар алмасуға және кең ынтымақтастыққа дайын және ашық.

Кездесу соңында кандидаттар сайлаушыларды 2021 жылғы 10 қаңтар күні сайлау учаскелеріне келіп, "NurOtan" партиясына дауыс беруге шақырды.

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #Tanday2021

0
0
122

Осы тақырып бойынша

Жаңаарқа кентінде тыл және еңбек ардагерлерімен агитациялық кездесу өткізілді - Yvision.kz