Жаңаарқа аудандық сайлауалды штабы Жаңаарқа кентінде сайлаушылармен агитациялық кездесу өткізді
"NurOtan" партиясының Жаңаарқа аудандық сайлауалды штабы Жаңаарқа кентінде сайлаушылармен агитациялық кездесу өткізді.
Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек көрсету саласының қызметшілерімен өткен кездесуде кандидаттар, партияның сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарын түсіндіріп, сайлаушылардың ұсыныстары мен сұрақтарына жауап берді.
Кандидаттар азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты ауданның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіші екенін, "NurOtan" партиясы білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік саладағы сапалы қызметтерге қол жеткізу арқылы аудан тұрғындарының өмір сүру жағдайларын жақсартуға күш салатынын айтты.
Кездесу соңында кандидаттар сайлаушыларды 2021 жылғы 10 қаңтар күні сайлау учаскелеріне келіп, "NurOtan" партиясына дауыс беруге шақырды.
