Жаңа жылдық құттықтау
Қадірменді ағайын!
Баршаңызды жаңа 2021 жылға қадам басуларыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Келіп жеткен 2021 баршамызға құтты, берекелі жыл болып, жаңа табыстар әкелсін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, ауызбіршілігіміз берік болып, жарқын болашаққа деген сенім нық болсын!
Жаңа жыл — бірлік пен татулықтың жылы болсын! Әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын. Ортақ шаңырағымыздың жарқын келешегі үшін еңбектеніп жүрген барша қазақстандықтарымызға бейбіт өмір, тыныштық, мол жақсылық тілейміз.
Игі тілекпен: «Nur Otan» партиясы Қаратөбе аудандық филиалы.
