«Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауы аясында сараланған міндеттер талқыланды
Аталған бөлімнің зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығының директоры Арман Дәулетов Жолдау ауқымында әлеуметтік саланы дамытуға зор көңіл бөлініп жатқанын айтты.
– 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдер еңбекақысы 25 пайызға өседі. 2025 жылға дейін алты жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен 100 пайыз қамту міндеттелді. Мемлекет басшысы денсаулық сақтау саласын дамытуға пәрмен беріп, пандемия кезінде медицина қызметкерлеріне қамқорлықты күшейтуді, үстемақы төлемін әділ есептеуді құзырлы органдарға тапсырды. Емдеу мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту керек екенін де атап өтті. Жолдау ауқымында азаматтық қоғам дамуы, салаларды цифрландыру қарқынын арттыру, жас ұрпақ тәрбиесі, ұлттық қауіпсіздік мәселелері басты назарда болмақ, – деді Арман Дәулетов. Басқосуда бастауыш партия ұйымының мүшелері де сөз алып, тұрғындарды әлеуметтік тұрғыда қолдау күшейтілгені, зейнетақының жылма-жыл өсіп келе жатқаны, ел ішіндегі татулық пен келісімның нығая түсуі үшін атқарылып жатқан іс-шаралар жайы айтылды. @ Oral, Kazakhstan
