Жаңа жұмыс орындары құрылады
«Nur Otan» партиясынан Кентау қалалық мәслихатына ұсынылған кандидаттар Талғат Садуов, Қаблан Елеусізов, Талғат Балабиев, Үсенбек Рахмет, Ерлан Арынов, Мақпал Әбішова Кентау қаласының тұрғындарымен кездесті.
Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында өткен жиында үміткерлер сайлауалды бағдарламаның насихаттады.
«Nur Otan» партиясының бағыты – тұрақты экономикалық даму және халықтың өмір сүру деңгейін арттыру болып табылады» - деген Талғат Балабиев алдағы уақытта лайықты жалақымен жаңа жұмыс орындары құрылатындығын жеткізді.
- Біз халықтың өмір сүру деңгейін арттыру мақсатында өңдеу кәсіпорындарын дамыта отырып, Кентау қаласының артықшылықтары мен әлеуетін пайдаланатын боламыз – деді Талғат Рахымұлы.
2025 жылға Кентау қаласының өңдеу өнеркәсібінің өсімін 5,5%-ға арттырамыз. Мемлекеттік бағдарламалар мен жеке инвесторлар есебінен өңдеу, ауылшаруашылық, шағын және орта бизнес салаларында барлығы 3,6 млрд. теңгені құрайтын 4 жобаны жүзеге асыру жоспарын қолға алады.
Кездесуде үміткерлер сайлауалды бағдарламаны түсіндіріп, сайлаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
