Жаңа жұмыс орындары ашылып, жалақы өседі
«Nur Otan» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісіне ұсынылған үміткер болып ұсынылған Хайрулла Қожабаев "Яссауи" бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесті.
Партия халықтың өмір сүру деңгейін арттыру мақсатында өңдеу кәсіпорындарын дамыта отырып, Кентау қаласының артықшылықтары мен әлеуетін пайдаланатын болады.
2025 жылға Кентау қаласының өңдеу өнеркәсібінің өсімін 5,5%-ға арттырамыз. Мемлекеттік бағдарламалар мен жеке инвесторлар есебінен өңдеу, ауылшаруашылық, шағын және орта бизнес салаларында барлығы 3,6 млрд. теңгені құрайтын 4 жобаны жүзеге асыру жоспарын қолға алады.
Нәтижесінде 2025 жылға қарай тұрақты жаңа жұмыс орындары ашылып, жалақы өседі, жұмыссыздық деңгейі төмендейді.
Басқосуда сайлауалды бағдарламаны түсіндіріп, сайлаушылардың сұрақтарына жауап берді. Тұрғындар «Nur Otan» партиясының бағдарламасын қолдайтындығын жеткізді.
