Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

#Жаңаөзендегіигістер

Жаңаөзен қаласы моноқалалар қатарында болғандықтан оның барша экономикасы «ӨзенМұнайГаз» АҚ-ның қызметіне тікелей байланысты. 56 жыл тарихы бар кәсіпорынның бүгінгі күнге дейінгі қалаға және қала тұрғындарына көрсеткен қолдаулары жетерлік. «ӨзенМұнайГаз» акционерлік қоғамы тарапынан 2020 жылға қолдау тапқан келесідей қаржыландыру шараларына тоқтала кетейік:

— «Туған өлке» жобасы аясында Теңге ауылының 55 жылдығына орай ауыл келбетін көркейтуге қаржылай көмек көрсетілді;

— 500 әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға азық-түлік тараттылды;

— Жалғызбасты, зейнеткер Б.Нұрбосыноваға баспана кілтін табыстады;

— Зейнеткер Қ.Әлібаев отбасына қаржылай көмек көрсетілді;

«Біз біргеміз» акциясы аясында:

1) Мүжәлсіз 152 отбасыға азық-түлік және медициналық құралдар табысталды;

2) Компания қызметкерлінің (276) қолдауымен қаражат жиналып, «КАЗИМПЭКС-Ақтау» қайырымдылық фондына аударылды;

3) Қаланың ішін дезинфекциялау жұмыстарын жүргузуге 4 дана су тасымалдау техникасы, 4 дана АЦН арнайы техникасы, Ақтау қаласынан азық-түлік тасымалдау мақсатында 1 дана камаз техникасы,

Ақтау қаласынан оттегі балондарын тасымалдауға 4 дана камаз техникасымен қамтамасыз етілді;

4) Жаңаөзен қалалық көп бейінді ауруханасына 2 дана рианимобиль автокөлігі,

350 дана бір реттік комбинезон, 400 дана бетперде, 100 дана қолғап, 6 дана инфрақызыл тепловизор, 10 дана Armadкислород концентраторы, 15 дана Olive-OLV-5 кислород концентраторы, 4 дана монитор алып берілді;

7) Жаңаөзен қаласының кіре берісіне 4 дана блок-бекеттер орнатылды;

Науқастармен байланыста болған адамдарды оқшаулау мақсатында, «Кендірлі» демалыс аймағынан 52 жатақ орын қамтамасыз етілді;

Жаңаөзен қаласын әлеуметтік- экономикалық дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспары аясында:

—"Мұнайшы" мәдениет үйінде ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілу;

— «Білім иновациялық» лицейі ғимаратына жөндеу жұмыстарына демеушілік жасау;

— Мемлекеттік мұрағаттың типтік ғимаратының құрылысын салуға демеушілік жасау жұмыстарын қаржыландырды.

Жұмсалған қаржы құны барлығы: 1млрд 025 млн. 544 мың.

«Өзенмұнайгаз» АҚ осыған дейін де кез келген техникамен қамту, сондай-ақ Жаңаөзен қаласының дамуы мен өркендеуіне өзге де демеушілік көмектер көрсетіп келеді. Акционерлік қоғам қала құ­раушы компания болып есептелетіндіктен жүктелген әлеу­мет­тік міндеттемелердің барлығын тиісті деңгейде атқарып келеді деп толық айтуға болады.

#Жаңаөзендегіигістер

0
0
163

Осы тақырып бойынша

#Жаңаөзендегіигістер - Yvision.kz