Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ЖАҢАӨЗЕНДЕ кезекті Домбыра Party №6

Ассалаумағалейкүм жамағат.

Жаңаөзен қаласында кезекті Домбыра Party өтті. Бұл Домбыра Party өткендегілерге қараған біршама өзгеше болды. Халықта біраз жиналды, біраз домбырашыларымызда келді, қобызда келген болатын. Біршама суреттеріміз бар. Тамашалаңыздар.

Бұл біздің баннеріміз.

МАҢҒЫСТАУ. ЖАҢАӨЗЕН. ДОМБЫРА PARTY.

Басталар сәттен көрініс. Барлығы дайындалып,бұрауын келтіріп жатыр.

Бәрі дайын «бисмиллаһ» деп бастайын деп жатырмыз.

Мына қарындасқа дән ризамыз. Жарап тұр.

Осы Домбыра Partyді ақын, жайдарманшы Арғынбек Қалбаев ағамыз жүргізді.

Кірісіп кетті ағамыз. Астанадан келген бауырымыз екен. 8 жыл Домбыра тарқан екен.

Қыздарымызда жарап тұр. Жаңаөзенге қарасты Қызылсай ауылынан келген қыздар екен. Оларда үлестерін қосты.

Мына апалармыз дән риза. Зейін қойып тыңдап отыр.

Гитарашы және домбырашы бауырларымыз. Көрермен арасынан шықты.

Бұрыннан бері келіп жүрген Әбубәкір бауыр. Мықты жігіт. Біздің жұлдызымыз.

Қобызда болған. Гулбану есімді қызымыз. Оқушы екен.

Жиналған көптің қарасы. Нық толы адамдар.

Осымен осылай болды №6 мәрте өткізіліп отырған Домбыра Party. Жаңаөзенде өз дәрежесінде өтіп келеді.

2
7
2586

Осы тақырып бойынша

ЖАҢАӨЗЕНДЕ кезекті Домбыра Party №6 - Yvision.kz