Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ғ.Байжановтың төрағалығымен жиналыс өтті
Жиынға ауыл әкімдері, азаматтық қорғау қызмет басшылары, қалалық әкімдік, полиция басқармасы, Жаңаөзен қаласының төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері қатысты. Күн тәртібі бойынша «Қысқы кезеңдегі қауіпсіздік шаралары туралы» талқыланды.
Отырыста автожолдарда қысқы мерзімдік төтенше жағдайларды болдырмау жөніндегі іс-шараларды өткізуді жалғастыру, халық арасында өрттерді, жануды, жазатайым оқиғаларды, жылыту маусымында газ жабдықтарын пайдалану кезінде улы газбен улануды, сондай-ақ жаңа жылдық мереке күндері пиротехникалық өнімдерді пайдалану кезінде төтенше жағдайларға жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туралы мәселелер қосымша қаралды. Осы мәселелер бойынша жауапты тұлғаларға орындау үшін хаттамалық тапсырмалар берілді.
2020-2021 жылғы қысқы кезеңде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап жүргізілуде. Күзгі-қысқы кезеңге арналған іс-шаралар жоспары әзірленіп, бұқаралық ақпарат құралдарында қысқы кезеңдегі қауіпсіздік шаралары туралы мақала жарияланып, газ жабдығын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізе отырып, тұрғын үй секторларында рейдтер жүргізілді.
Қаланың азаматтық қорғау қызметтері қысқы кезеңде іс-шараларды өткізуге дайын.
