Жаңаөзен қала әкімі М.Ибағаровтың қала тұрғындарымен онлайн форматында кезекті жеке қабылдауы өтті
Жаңаөзен қала әкімі М.Ибағаровтың қала тұрғындарымен онлайн форматында кезекті жеке қабылдауы өтті. Қабылдауға 20 адам жазылып, өздерінің өзекті мәселелерін айтты. Жеке қабылдауда жұмыссыздық, жылу, тұрғын үй мәселелері талқыланды. Аталған мәселелер бойынша қала әкімі жауапты мекемелерге тапсырмалар беріп, орындалысын бақылауға алды.
