Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жаңа стадиондағы жүздесу

Елбасының «Екі-үш жылдың ішінде Түркістан жайнап, басқа қала болып, еңсесі көтеріліп, бәріміздің қуанышымызға өсіп-өркендейтін болады» деген сөзі ақиқатқа айналып келеді. Киелі қалада құрылыс қарқын алып, ел мақтанышына айналатын іргелі нысандар бой көтеріп жатыр. Соның бірі "Түркістан Арена" стадионы. Жалпы нысан жайлы айтатын болсақ, жер учаскесінің жалпы ауданы - 8,3 га құрайды, 7000 орын, алаңның жалпы ауданы – 15 660 м2, оның ішінде: Футбол алаңы - 7 856 м2; Жүгіру жолдары - 7 804 м2. Бүгін аталған нысанға "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын насихаттау мақсатымен, "Nur Otan" Түркістан қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер Тәжібек Мұсаев, Мақсат Таңғатаров, Дарын Жаппарқұлов, Нұрсұлтан Жүсіпбаев, Ғаппар Сәрсенбаев, Ғалымжан Құдияров кездесу өткізді. "Nur Otan" биік шыңға бірге жетелейтін партия! #ХалықтықПартия #NurOtan

"Nur Otan" партиясы Түркістан облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Сайлау-2021

0
0
680

Осы тақырып бойынша

Жаңа стадиондағы жүздесу - Yvision.kz