Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ЖАҢА САЯСИ ТҰҒЫРНАМАДА ХАЛЫҚТЫҢ МҮДДЕСІ ЕСКЕРІЛЕДі

Осы мақсатта бүгін, «AMANAT» партиясы Арыс қалалық филиалы жанынан құрылған «Б.Момышұлы» бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті.

Жиынға «AMANAT» партиясы Арыс қалалық филиалының атқарушы хатшысы Бақтығали Ділдәбеков, «Б.Момышұлы» БПҰ төрағасы Серікбек Дәуренбеков және партия мүшелері қатысты.

Жиын барысында қалалық партия филиалының атқарушы хатшысы Б.Ділдәбеков баяндама жасап, партия мүшелерімен «AMANAT» партиясының Саяси тұғырнамасы қызу талқыланды.

– Жаңа саяси тұғырнамада азаматтардың мемлекетімізде лайықты өмір сүруіне баса мән берілген. Атап айтсақ, олардың өз туған жерінде жоғары деңгейде білім мен медициналық көмек алуына жағдай жасау партияның негізгі міндеті ретінде қарастырылған. Сонымен қатар, іске асырылып жатқан түрлі реформалардың негізінде «әлеуметтік ұстанымдағы мемлекет» құру бағытында еліміздегі табиғи ресурстар мен жер қойнауының игілігін барлық азаматтарымыз көрмек. Саяси тұғырнамадағы басым бағыттар осылар. Арыстық партияластар мемлекетіміздің ілгерілеуі үшін барлық салада белсенділік танытып, алдыңғы шептен көрінуге әзір,-деді Б.Сәрсенбекұлы.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 29-шы қыркүйек күні өтетін «AMANAT» партиясы Арыс қалалық филиалының кезектен тыс XLIII конференциясына партия мүшелерінің дауысқа салуы арқылы делегаттар бірауыздан сайланды.

Жиын соңында «Б.Момышұлы» бастауыш партия ұйымының мүшелеріне жаңа үлгідегі партиялық билеттер табысталды.

0
0
316

Осы тақырып бойынша