Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жаңақонысқа жарық тартылады

Партияның Ақтөбе қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Жүсіпов және партияның қалалық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы мүшесі Ардақ Өтегенов энергиямен жабдықтау мәселелері бойынша Жаңақоныс-3, Жаңақоныс-4 тұрғын үй алабына барды.Рейд барысында ТКШ өкілі, энергетика және инженерлік желілер құрылысы секторының меңгерушісі Марат Ізбастенов энергиямен жабдықтау объектілері құрылысының жай-күйі туралы айтып берді.

Оның мәліметінше, жобаны аяқтау негізінен 2020 жылдың желтоқсан айына белгіленген. Бүгінгі таңда жоба Жаңақоныс-3 тұрғын үй алабында 95 пайызға, ал Жаңақоныс-4 тұрғын үй алабында 90 пайызға дайын. Жұмысшылар жұмысты аяқтаған соң сынақ жұмыстары жүргізілмек.

Сынақ жұмыстары аяқталып, жұмысқа жарамдылығы расталғаннан кейін энергиямен жабдықтау желілері іске қосылады.

Қазір мұнда жаңа үлгідегі 7 трансформатор және 2 таратушы орнатылған. Барлық қажетті қосалқы бөлшектер жаңа, сапа және сәйкестік сертификаттары бар. Жобаға сәйкес тұрғын үй алабы бойынша көше жарығы да қарастырылған. Оның жұмысы Жаңақоныс-3 тұрғындарын да қызықтырады.

Қазіргі уақытта Жаңақоныс - 3 тұрғын алабында жарығы мен жылуы жоқ кішкентай балалары бар бес отбасы тұрады. Бұл мәселе Ақтөбе қалалық филиалының партиялық бақылау комиссиясының қатаң бақылауында.

ТКШ өкілінің ақпараты бойынша, газ өткізу мәселесі қала әкімшілігінде қаралып жатыр. Қазір Жаңақоныс-4 тұрғын үй алабына жылу беру жобасы мен сметасы бекітілген. Ал Жаңақоныс-3 тұрғын үй алабына қарастырылуда.

0
0
158

Осы тақырып бойынша

Жаңақонысқа жарық тартылады - Yvision.kz