Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жаңа әліпбиді оқыту курсы

А.ж. 29 тамызда департамент қызметкерлері «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығында өтіп жатқан «Jańa álіpbı negizindegi qazaq tili emlesin meńgertý» атты 24 сағаттық қысқа мерзімді курсты тәмамдады.

Курста мемлекеттік қызметшілер "Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы № 569 Жарлығымен бекітілген, латын графикасына негізделген қазақ тілінің әліпбиін зерделеді, жазудың ережелері бойынша практикалық тапсырмаларды орындады, тест сұрақтарына жауап берді, диктант жазды, жылдамдыққа оқу дағдыларын қалыптастырды.

Курсты тренер Г.Т. Крикпенова жүргізді, курсты сәтті аяқтағаннан кейін барлық тыңдаушылар сертификаттар алды. Алынған білім мемлекеттік қызметшілердің одан әрі жұмысында пайдаланылатын болады. Тыңдаушылар курс соңында оқытушыларға өз ризашылықтарын білдірді.

----------------------------------------------------------------

29 августа т.г. сотрудники департамента завершили обучение на 24-часовом краткосрочном курсе «Jańa álіpbı negizindegi qazaq tili emlesin meńgertý», который проходил в КГУ «Областной центр обучения языкам «Тілдарын».

На курсах государственные служащие изучили алфавит казахского языка, основанный на латинской графике, утвержденный Указом Президента Республики Казахстан от 26 октября 2017 года № 569 «О переводе алфавита казахского языка с кириллицы на латинскую графику», выполняли практические задания по правилам правописания, отвечали на тестовые вопросы, писали диктант, формировали навыки чтения на скорость.

Курс проводила тренер Центра «Тілдарын» Г.Т. Крикпенова, после успешного окончания курса все слушатели получили сертификаты. Полученные знания будут использоваться в дальнейшей работе государственных служащих. По итогам обучения слушатели выразили свою благодарность преподавателям.

0
0
210

Осы тақырып бойынша

Жаңа әліпбиді оқыту курсы - Yvision.kz