Жаңа Иқан ауылының тұрғындарымен кездесті
«Nur Otan» партиясынан Кентау қалалық мәслихатына ұсынылған үміткерлер Талғат Балабиев, Сағынбек Асылбеков, Талғат Садуов, Қанат Бекметов, Қайрат Зайнишев ZOOM платформасы арқылы Жаңа Иқан ауылының тұрғындарымен кездесті.
Онлайн өткен басқосуда сайлауалды бағдарламаны түсіндіріп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады.
Атай кетейік, «Nur Otan» партиясы халықтың өмір сүру деңгейін арттыру мақсатында өңдеу кәсіпорындарын дамыта отырып, Кентау қаласының артықшылықтары мен әлеуетін пайдаланатын болады.
2025 жылы Кентау қаласының өңдеу өнеркәсібінің өсімі 5,5%-ға арттырылады. Мемлекеттік бағдарламалар мен жеке инвесторлар есебінен өңдеу, ауыл шаруашылық, шағын және орта бизнес салаларында барлығы 3,6 млрд. теңгені құрайтын 4 жобаны жүзеге асыру жоспарын қолға алады.
Алдағы сайлауға белсенділікпен қатысып, «Nur Otan» партиясына дауыс беріңіз.
