Жаңа Иқан ауылында сайлаушылармен кездесті
«Nur Otan» партиясы Кентау қалалық филиалынан қалалық мәслихатқа ұсынылған үміткерлер Сержан Байсбаев, Мамирхан Юлдашев, Азизбек Азимов, Дина Бекмурзаева, Ирода Мухамеджанова Жаңа Иқан ауылында сайлаушылармен кездесті. Үміткерлер сайлауалды бағдарламаны кеңінен түсіндіріп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады.
