Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жаңа халықаралық стандарттардың нұсқасы талқыланды

2017 жылы тамыз айының 14 Павлодар қаласында. «Кәсіпорындарда менеджмент жүйелерін енгізу» тақырыбы бойынша аймақтық оқыту семинары өтті.

 

Ұйымдастырушылар:

–    Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті және «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК.

Семинар мақсаты: 2015-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, 2020 жылға дейін техникалық реттеу және метрология жүйесін жетілдіру кешенді жоспарын, 2014-2018 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Стратегиялық жоспарын жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру.

Семинардың жұмысына Қазақстанның индустрияландыру картасына, өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізілген, Павлодар облысы экспортқа бағдарланған кәсіпорындар басшылары мен мамандары қатысты.

Семинарда менеджмент жүйелері бойынша халықаралық стандарттарды түсіндіру бойынша өзекті тақырыптар қаралды. Өңірлік оқыту семинар барысында халықаралық стандарттар қаралды:

–  ISO 31000 «Тәуекелдіқ менеджменті. Принциптер мен басшылық нұсқаулар»;

–  ISO/TR 31004:2013 «Тәуекелдіқ менеджменті. ISO 31000 енгізу бойынша жетекшілік»;

–  ISO 37001 «Парақорлыққа қарсы күрес менеджмент жүйесі. Талаптар және пайдалану жөніндегі басшылық».

Дәріскер С.К. Абельсеитова – ТОО «Республиканский центр сертификации» Бас директоры, Европалық сапа ұйымының аудиторы, ҚР менеджмент жұйесінің сарапшы-аудиторы, ғ.т.к.

Павлодар облысы кәсіпорындары мен ұйымдары басшылары мен мамандары үшін отандық кәсіпорындарда менеджмент жүйелерін енгізу семинарын өткізу, біліктілігі жоғары сарапшы-аудиторлардан ақпарат алу отандық өндірушілермен  бәсекелестік артықшылықтарына қол жеткізуге, ішкі және сыртқы нарықтарда әкімшілік кедергілерді төмендетуге, және де менеджмент жүйесін енгізген және сертификаттаған және қолданыстағы менеджмент жүйесінің тиімділігін арттыраттың мемлекеттік органдардың, ірі, орта және шағын бизнес кәсіпорындардың санының ұлғайуына ықпал етеді.

Тыңдаушыларға үлестірме материалдар берілді, семинар соңында тыңдаушыларға сертификаттар тапсырылды.

 

«Техникалық реттеу және метрология Комитетінің

Павлодар облысы бойынша департаменті» РММ

 

«Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Павлодар филиалы

тел.: 8 (7182) 32-79-41, е-mail: [email protected]

   
0
0
301

Осы тақырып бойынша

Жаңа халықаралық стандарттардың нұсқасы талқыланды - Yvision.kz