Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық жобасы»

Жамбыл облысында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық жобасы» іске асырылды. Аталған жобаның арқасында қазақстандық гуманитарлық білім саласы толықтай жаңарып, жаңа деңгейге көтерілді. Дүнижүзінің алдыңғы қатарлы оқу орындарының ең беделді ғалымдары дайындаған оқу құралдары қазақ тіліне аударылып, еліміздің барлық оқу орындарына жетті. Әлемнің ең озық университеттерінің оқу мазмұны жарты миллионнан аса қазақстандық студенттің қолына тиді. Университеттеріміздің оқу бағдарламаларына кірді. Өз кезігінде Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастырумен Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында кітап оқудан байқау өтті. Байқау қорытындысы бойынша 1 орынды Әуесхан Ағарыс Қанатұлы алса, 2 орынды Сатайбеков Аружан және 3 орынды Рахымбай Ержан иеленді. 2 кезеңнен тұрған байқауда қатысушылар 1 кезеңде кітаптарын оқып жалпы 2-3 минуттық видео қысқаша түсінігін жеткізсе, 2 кезеңде кітап беттерінен сұрақтар қойылды. Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз.

0
0
453

Осы тақырып бойынша