Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жаңа форматтағы шалалық (ҰБТ 2017)

2016-2017 оқу жылы мектеп қабырғасындағы соңғы жылы болған болашақ түлектердi жаңа форматтағы ҰБТ күтiп тұрғаны белгiлi. Алайда оның мiнсiздiгiне сенiмдiмiз бе?
Жаңа ҰБТ-ның ең өрескел қамшысы әдебиетшiлерге тигелi отыр. Мәселе таңдау пәндерiнiң комбинациясында. Небәрi төрт мамандық тиесiлi осы комбинацияға төрт бiрдей пәндi тықпыштауы ақылға сыймайды. Кiтапхана, мұрағат iстерi, филолог және мұғалiмдiктi қамтитын әдебиетшiлерге тарих таңдау пәнi болып бiрiккен дүние және Қазақстан тарихының аталмыш мамандықтарға жанама да қатысы жоқтығы күмәнсiз. Мәселен, филологқа дүние тарихын бiлудiң не қажетi бар? Тiл маманы болатын оқушыға Қазақстан тарихының да керегi шамалы. Сонда бұл қай мазағы? Тiл-әдебиет үшiн үш бәйтерегiмiз тамырынан шабылып, бес арымыз қыршынынан қиылғанда, әдебиетшiлердiң бүгiнгi киген кебi осы ма? Ұлттың күре тамыры болған тiлдiң тiрегi де әдебиет емес пе? Сонда сол әдебиетшi ұлдарын ұлттың өзi өзекке тепкенi ме? Бұл не қылған опасыздық? 'Ақылды' министрлер қазақ тiлi мен әдебиеттi бөлек-бөлек таңдау пәнi етiп, жеке комбинация жасауға болмайтын ба едi? Онсыз да гранты асып төгiлiп тұрмаған, еш ерекшелiгiмен көзге түспейтiн төрт мамандықты көпсiнгенi ме? Оған тағы екi тарихты қосарлаудың не қажеттiлгi бар? 52 мамандықты еншiлеген физика мен математикаға көздерi түспей, әдебиетке келгенде iштарлық қылғаны несi? Болмаса жеке таңдау пәнi болу мәртебесi Адам.Қоғам.Құқыққа да бұйырғанда, тiл-әдебиеттiң соншалық қадiрi болмағаны ма? Сонау бастауыштан бастау алатын қазақ тiлден 150 беттен аспайтын үш қана оқулықтан құралған қоғам қиынырақ болғаны ма? Жоқ, 5-тен басталып, 11-ге дейiн оқытылатын, әр кiтабы кемiнде 300 беттiк әрi өзiнен кем түспейтiн хрестоматиясы бар әдебиеттен гөрi салмақты ма қоғам?
Жаңа форматты дайындау барысындағы шалағайлық пен атүстi қараушылық бiрден аңғарылады. Сол себептi бiздiң таңдау пәндерiмiздiң өзгертiлуiн талап етемiз!

0
0
671

Осы тақырып бойынша