Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жаңа бизнес - идеяларды жүзеге асыруға гранттар бөлу комиссиясы өтті.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі – жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру.

2020 жылдың 3 желтоқсаны күні мемлекеттік грантқа бөлінген қаржыны «Еңбек» бағдарламасына қатысушыларға бөлу комиссиясының кезекті отырысы болып өтті. Отырыста Марқакөл, Қалжыр, Боран, Маралды, Балықшы, Құйған ауылдық округтерінен келген мемлекеттік гранттан үміткерлердің 35 бизнес-идеялары қаралды. Бизнес идеялардың басым бөлігі мал өсіруге бағытталған. Аудандық комиссия мүшелері келген үміткерлерге тұрғындарға қызмет көрсету, туризімді дамыту сенімді басқа салаларға көңіл бөлу тиімдірек екенін түсіндірді. Ертең ауданның қалған округтерінің бизнес идеялары қаралғаннан кейін ғана қорытындысы шығатыны айтылды. Барлығы аудан бойынша 54 мемлекеттік грант берілетін болды. Ағымдағы жылдың екінші тоқсанында 68 грант берілген болатын.

0
0
145

Осы тақырып бойынша

Жаңа бизнес - идеяларды жүзеге асыруға гранттар бөлу комиссиясы өтті. - Yvision.kz