Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жаңа ауданның құрылуы өңірдің дамуына тың серпін береді

- Түркістан облысы аумағынан Сауран ауданы құрылады. Бұл туралы бүгін Кентау қаласының ақсақалдарымен кездесуінде облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев айтты. 2018 жылы Елбасының Жарлығымен Түркістан қаласы құрылғанда оған бағыныстағы 12 ауыл округы, 102 мың тұрғын Кентау қаласына қосылған еді. Енді сол 12 ауыл округы өз алдына Сауран ауданына еніп, орталығы болып 12 мың тұрғыны бар Шорнақ елді-мекені ұсынылуда. Жаңа 17-ші ауданды құруға тарихи негіз бар. Себебі, Түркістан тарихында Шорнақ аудан орталығы болған. Бұл бастама толық іске асқанда өңірдің дамуына тың серпін берілері анық. Ал 105 мың тұрғыны, 4 ауылдық округы бар Кентау қаласы өз алдына өркендейді – деді Бейсенбай Дәулетұлы.

Ақсақалдар мен еңбек адамдары жақсы жаңалыққа үн қосып, қолдайтындықтарын айтып өтті.

- Бұл жаңалық баршамызды қуанышқа бөлеп отыр. Елдің дамуы жолында аянбай еңбек етіп жатқан жандарға алғысымызды білдіреміз. «Кентау қаласы өндірістік бағытта дамыса, Сауран ауданында ауыл шаруашылығы саласына басымдық беріледі» - деді облыс әкімі. Ең бастысы елдің дамуы. Біз облыс әкімінің бастамасын қуана қолдаймыз – деді қария Қадыр Айтбаев.

Мұнан соң, Бейсен Тәжібаев елдің дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген шаруа қожалық өкілдері мен кәсіпкерлерді, еңбек адамдарын, медицина және мәдениет саласының қызметкерлерін «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Өмірзақ Шөкеевтің Алғыс хаттармен марапаттады.

0
0
162

Осы тақырып бойынша

Жаңа ауданның құрылуы өңірдің дамуына тың серпін береді - Yvision.kz