Жаңа ашылған кафедра
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде биыл қоғаммен байланыс кафедрасы қайтадан ашылған болатын. Осы ашылған факультетте қазақ группасынан 20 бала білім грантында оқып жатыр. Негізі қоғаммен байланыс дегеніміз не? Бұл көптеген анықтамасы бар термин болып саналады. Қзіргі кезде бұл сөзге 600ден артық анықтама берілген. Public Relations көп мағыналы термин дей отырып бұл көптеген функциялар мен міндеттерді орындайтын система,яғни коммуникацияны,қоғамдық байланысты,қызметкерлер арасындағы қатынасты,компанияның тұтынушылармен байланысын,халықаралық қатынасты,инвесторлармен қатынасты,масс-медиямен, прессамен,акциянерлермен байланыспен орнатушы адам болып саналады. Бұл мамандық қазақстанда әлі дами қоймағандықтан барлығы да енді болашақ жастардың еншісінде. Яғни жас пиар студенттерінің қолында.
