Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жаңақала БПҰ мүшелерімен кездесу.

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау жөніндегі аудандық штаб мүшелері «Жаңақала» БПҰ мүшелерімен кездесті. Жиында штаб мүшелері кандидаттың әділдік және өрлеу қағидаттарына кеңінен тоқталды.

Аудандық штаб төрағасы Т.Жанболатов сайлауалды бағдарламаның тұжырымдасымен таныстырып, Қ.Тоқаевтың стратегиялары Қазақстанды дамытуды көздейтінін жеткізді.

Үкімет тарапынан ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсартуға бар жағдай жасауда. Қ.К.Тоқаев сайлауалды бағдарламасында алдағы үш жыл ауылдық аймақтарды барынша дамытуға арналатынын айтып жатыр, - деді штаб мүшесі А.Досмухамедов

Қалған штаб мүшелеріде сайлауалды бағдарлама туралы ойрларын білдіріп, сайлауда Қ.Тоқаевқа дауыс беруге шақырды.

#Toqaev2022

1
0
157

Осы тақырып бойынша

Жаңақала БПҰ мүшелерімен кездесу. - Yvision.kz