Жаңақала аудандық білім беру саласы қызметкерлерімен кездесу
2017 жылдың 23 қарашада Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және мектептердегі қамқоршылық кеңестері мәселелері жөнінде кездесу ұйымдастырылды.
Шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басқарма басшылары Б.М.Хайруллин мен Б.С.Ибрашев, білім саласы қызметкерлері, қамқоршылар кеңестері және ата-аналар комитеттерінің мүшелері, колледж бен мектеп басшылықтары қатысты.
Шара барысында қатысушыларға қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мен оны көтерудің маңыздылығы, қамқоршылық кеңестер жұмысының негізгі бағыттары, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу мәселелері түсіндірілді.
Кездесуде қатысушылардың тақырып бойынша сұрақтарына нақты жауаптар берілді.
