Жүсіп Баласағұнидің өмірі туралы
Жүсіп Баласағұнидің өмірі туралы мәліметтер аз сақталған. Философия, математика, медицина, астрономия, астрология, өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, тағы басқа ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан. Жүсіп Баласағұнидің есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында «Құтадғу білік» («Құтты білік») дастаны арқылы қалды. Әлемдік мәдениет тарихында маңызды орны бар, туындылары адамзаттың бақыты мен келешегі үшін жол көрсететін сөздермен айшықталған, түрік тілінің дамуы үшін аса зор үлес қосқан түркі әлемінің ұлы тұлғаларының бірі Жүсіп Баласағұни атамыздың 1000 жылдығымен құттықтай отырып, жастарға жарқын болашақ тілеймін. Еліміз аман, беделіміз биік, абырайымыз асқақтай берсін! Жарқын жетістіктеріміз бен жеңістеріміз көп болсын!
Қарасай аудандық Жастар ресурстық орталығының маманы, Садуова Жарқынай Қыдырханқызы
