Жұртшылық қалалық ауруханалар мен емханаларға мониторинг жүргізді
2020 жылдың 20 мамырында БҚО арнайы мониторингтік тобымен (бұдан әрі - АМТ) БҚО әкімдігі ДСБ «Қалалық көп бейінді аурухана» ШЖҚ МКК (бұдан әрі-ҚКБА) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Н. Самет, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Б.Каюповтың қатысуымен Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мониторинг жүргізілді.
Жұртшылық тарапынан БҚО АМТ басшысы В. Колпаков және оның орынбасары Б.Мырзахметов қатысты.
Бас дәрігер А. Қалибеков келушілерді мекеменің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларымен, медиация кабинетімен, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылауды және т.б. қызметтерді жүзеге асыруға уәкілетті «комплаенс бақылау» қағидаты бойынша қызмет атқаратын қызметкерлердің жұмысымен таныстырды.
Сонымен қатар, ол ҚКБА базасында Денсаулық сақтау мәселелері бойынша арнайы мониторингтік топтың жобалық кеңсесін ашу қажеттігін атап өтті.
Бұдан әрі, жұртшылық «№5 Қалалық емхана» ШЖҚ МКК (бұдан әрі –Емхана) мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мониторинг жүргізді. Емхананың бас дәрігері Т.Әжғалиев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданған шаралар және олардың нәтижелері туралы айтып берді.
Кездесу қорытындысы бойынша аталған мекемелердің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, азаматтардың сенім деңгейін арттыру және көрсетілетін қызметтердің сапасы бойынша жоғары тиімділігін атап өту қажет.
Атап айтқанда, бұл әлеуметтік желілерде бас дәрігерлердің қолжетімділігі, олардың ашықтығы, келушілер үшін жайлы жағдайлар, комплаенс-бақылау қағидаларын енгізу және т. б.
