Жүргізуші куәлігін беру кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері
2019 жылдың 30 мамырында облыс әкімінің орынбасары Ғ.Оспанкуловтың төрағалығымен өткен «АQJAIYQ – ADALDYK ALANY» жобалық кеңсесінің кезекті жұмыс отырысында көлік жүргізуші куәлігін алу кезіндегі тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою мәселелері қаралды.
Аталған сұрақ БҚО Полиция департаментінің тіркеу-емтихан бөлімдері менмамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы қызметтерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің тіркелуіне байланысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық бюросының БҚО бойынша департаментімен көтерілді.
2019 жылдың 1 шілдесінен бастап теориялық және практикалық емтихандардың Мемлекеттік корпорацияға берілуіне байланысты және «көмекші-делдалдар» қызметін жою мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» МК КАҚ БҚО бойынша департаментінің директоры М.В.Бассаровқа, арнайы бөлімінің басшысы Л.Х.Кусайноваға келесі сұрақтарды қарастыру ұсынылды:
- мамандандырылған арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы емтихан тапсыру процестерін «онлайн» транслициялауды ұйымдастыру;
- емтихан тапсыру кезін жоғары ракурсты бейнебақылау веб-камераларын орналастыру;
- бейнежазбаларды сақталуын 2 айға дейін ұзарту.
