Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жәнібек ауданына көшпелі кездесу өткізілді

2017 жылдың 21 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің жанындағы «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильдік тобының мүшелерімен Жәнібек ауданына көшпелі кездесу өткізілді.

Аудандық әкімдікте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.Исақовтың, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы М.Қожабаевтың және аудан активінің қатысуымен семинар-кеңес өткізілді.

Кездесу барысында Б.Исақов қатысушыларға қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудың және оны көтерудің, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын-алудың маңыздылығы жөнінде және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы және Ұлт жоспары «100 нақты қадамның» орындалуы бойынша, соның ішінде кәсіби мемлекеттік аппарат құру туралы түсіндірді.

Сонымен қатар, Департамент басшысы «ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар Жоспарының жобасымен» таныстырды.

Кездесу барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнероликтер көрсетіліп, мобильді топ мүшелері ауданның және ауылдық округтардың тұрғындарына қабылдаулар өткізді.

 
0
0
433

Осы тақырып бойынша

Жәнібек ауданына көшпелі кездесу өткізілді - Yvision.kz