Жәнібек аудандық филиалы кезектен тыс ХХХІІІ конференциясы өтті.
Аудандық мәдениет үйінде «Nur Otan» партиясы» қоғамдық бірлестігі Батыс Қазақстан облысының Жәнібек аудандық филиалы кезектен тыс ХХХІІІ конференциясы өтті. Конференция жұмысы барысында Жәнібек ауданы мәслихатына арналған «Nur Otan» партиясының тізімі жасалды.
Жәнібек аудандық «Nur Otan» филиалының кезектен тыс конференциясы кезінде Мәслихаттың партиялық тізімі әзірленіп, Парламент Мәжілісінің партиялық тізіміне үміткерлер анықталды. Сонымен қатар, аудандық сайлауалды бағдарламасы да бекітіліп, Батыс Қазақстан облыстық филиалының кезектен тыс ХХVI конференциясына қатысуға делегаттар сайланды.
Талдау көрсеткендей, тізімдегі әйелдердің үлес саны 31,8% , ал 35 жасқа дейінгі жастар 36,6% құрап отыр. Үміткерлердің орташа жасы 42 жас.
Тізімдегілердің көпшілігі - шағын және орта бизнес өкілдері – 4,5%, білім саласы – 27,2%, мәдениет және спорт 27,2%, партия қызметкерлері 4,5%, ауылшаруашылығы 9%, басқалары 27,6% .
Конференция барысында Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілістегі партиялық тізімге үміткерлер арасында пікірсайыстар өтті. 2 үміткердің ішінен Конференция жұмысына қатысушы делегаттар «Праймериз» ақпараттық жүйесі арқылы аудандық өкілдік квотасына сәйкес 1 үміткерді таңдады. Пікірсайыс қорытындысы бойынша:
Илемесов Искаир Кафарұлы- 35 дауыс, Хаби Мейіржан Халиханұлы -13 дауыс жинады.


