Бүгін, «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы активінің отырысы өткізілді. Отырысқа «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Рахметұлы Мұқаев, «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қайырғалиұлы Куаналиев, аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Қаримоллаұлы Абдолов, саяси кеңес және бюро мүшелері, мәслихаттағы фракция мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, партия белсенділері, жастар және филиал қызметкерлерінің қатысуымен өтті.
Актив отырысында облыстық Сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары - Жол карталарының орындаудағы міндеттер туралы, аудандық сайлауалды бағдарламасы және жол картасында көрсетілген жұмыстары туралы, сайлау алдындағы халықпен кездесулердегі аманаттардың әр депутаттың қолға алған бір жобалары және басқада тапсырмалардың орындалуы туралы қаралды.
Облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Рахметұлы Мұқаев партияның облыстық деңгейдегі атқарылған жұмыстарына тоқталып, сайлауалды бағдармаласын жүзеге асырудағы жол картасының орындалуы жөніндегі міндеттеріне тоқталды.
Ал аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Каримоллаұлы Абдоловқа ауданның сайлауалды бағдармаласымен таныстырып, Жол картасы аясында 2021-2025 жылдарда атқарылатын жұмыстар туралы айтып өтті.
Сонымен қатар филиал төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қайырғалиұлы Куаналиев праймериз кезінен бері халықтан жиналған аманаттармен, жаңадан сайланған VII шақырылымдағы депутаттардың жұмыс жоспарларымен және жол картасының белгіленген тапсырмаларының орындалуы жөнінде баяндап шықты.
Жиын соңында аудандық мәслихат депутаты Кадимов Тахир Зинурұлы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Уалиев Амангелды Мырзағалиев және аудан кәсіпкері Хаирова Самиға өз ұсыныстарын білдірді.
Сапар барысында Мұрат Мұқаев «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде Жәнібек ауылының шығыс бетінде салынып жатқан екі қабатты жаңа үйлердің құрылыс барысымен танысты.