Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жұмыссыздар мен жоғары оқу орындарының түлектеріне мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасудың және құқық қорғау органдарына алғаш түсушілерді іріктеудің кейбір мәселелері түсіндірілді

2017 жылдың 8 тамыз   күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті  Орал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жұмыссыз азаматтардың қатысуымен  «Мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасудың және құқық қорғау органдарына алғаш түсушілерді іріктеудің  кейбір  мәселелері » тақырыбында семинар-кеңес өткізді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметке және құқыққорғау қызметіне іріктеу тәртібі бойынша Департамент басшысының орынбасары М.Нұртазин  қатысушыларға   мемлекеттік қызмет саласындағы Заңнама талаптарына сай  мемлекеттік әкімшілік қызметке және  құқыққорғау қызметіне алғаш түсушілерді іріктеу ерекшелігін нақты түсіндірді.

     
0
0
309

Осы тақырып бойынша

Жұмыссыздар мен жоғары оқу орындарының түлектеріне мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасудың және құқық қорғау органдарына алғаш түсушілерді іріктеудің кейбір мәселелері түсіндірілді - Yvision.kz