Жұмыссыздарға арналған бос орындар жәрмеңкесі
2018 жылдың 29 қарашада облыстық Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында жұмыс іздеушілерге бос орындар жәрмеңкесі өткізілді.
Аталған шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентігінің БҚО бойынша департаментінің өкілі қатысып, тұрғындарға соның ішінде жұмыссыз азаматтарға және жоғары оқу орынын бітірген түлектерге облыстың мемлекеттік әкімшілік органдарының бос лауазым орындарын атап, мемлекеттік қызметке кіру тәртібін кеңінен түсіндірді.
