Жұмысшылардың мәселесі - басты назарда
Бүгін "Nur Otan" партиясынан қалалық депутаттыққа үміткерлерНайзабеков Таджимурат,Гани Абдисадыков,Ерген Сыражан, А.Шамшадинова "МЭБК" АҚ ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында олар қатысушыларды партияның " Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!" атты сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, партия анықтаған облыс дамуының жеті басым бағыты туралы айтып берді.
"МЭБК" АҚ Маңғыстау облысында электр энергиясын беру және тарату қызметтерін көрсету нарығында жетекші орынға ие. Акционерлік қоғам тұрақты дамуға және қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне, қоршаған ортаны қорғауға, қызметкерлерге қажетті еңбек жағдайларын жасауға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыруға үлкен көңіл бөледі. Бұл шаралардың барлығы "Nur Otan" партиясы сайлауалды бағдарламасында нақты белгіленген.
Соның ішінде еңбек қауіпсіздігі жағдайларын жақсарту және өндірістік жарақаттануды азайту мәселесі көрсетілген.
Ұжым тарапынан "Nur Otan" -ның еңбек даулары мен жанжалдарын шешу тәртібін оңайлату, еңбек заңнамасын бұзатын адамдардың жауапкершілігін қатаңдату бойынша заңнамаға түзетулер енгізу туралы бастамасына ерекше қолдау тапты.
Сонымен қатар, кездесу аясында қоғамдық көлік, көгалдандыру және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы төңірегіндегі мәселелер талқыланды.
Кандидаттар атап өткендей, мақсаттарға жету жолы барлық қазақстандықтардың бірлескен іс-әрекеттері арқылы жүзеге аспақ. Сондықтан, олар қызметкерлерді 10 қаңтардағы сайлауға белсенді қатысуға және Nur Otan партиясына дауыс беруге шақырды.
