Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жұмысшылардың еңбек құқығы мен әлеуметтік кепілдіктері

Осы орайда Кәсіподақтар үйінде облыстық мәслихат депутаттары – «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері Габдуллин Айбек Серікұлы және Садуақасова Гүлнәр Манапқызы кәсіподақ белсенділерімен кездесу өтті.

Жиынға Атырау облысы Кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Ізтұрған Баймұханов, облыстық салалық кәсіподақ төрағалары мен кәсіподақ қызметкерлері, мәслихат апаратының қызметкерлері Е. Түркестанов пен А.Қуанышкереев қатысты. Кездесу барысында талқыланған басты тақырыптардың бірі — Еңбек адамының құқығы мен мүдделерінің қорғалуы.

Әрбір салалының өз ерекшелігі бар, ал еңбек заңнамасының негізгі талаптары барлығына бірдей – мысалы, жұмысшы мен жұмыс беруші арасында жасалатын еңбек шартының талаптары, жұмыскердің құқықтары мен міндеттері жалпыға бірдей айқындалады.

Заңмен қарастырылмаған өзге еңбек жағдайлары мен қарым-қатынастары жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өзара келіссөздер жүргізу арқылы Ұжымдық шартпен реттеледі. Атырау облысы бойынша жұмыс жасап тұрған мекемелер мен кәсіпорындарда ұжымдық шартпен қамтылу деңгейі 25 пайызды құрайды. Қалған 75 пайыз ұйымдарда ұжымдық шарттар жасалмаған

Осы бағытта Атырау облысының кәсіподақ ұйымдары азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, жұмыс жағдайын жақсарту, өмір сүру деңгейін көтеру мен әлеуметтік кепілдікті қамтамасыз ету мақсатында біршама жұмыстар атқаруда.

Кәсіподақтар еңбек заңдылықтарын сақтау, еңбек қауіпсіздігі секілді мәселелерді басты назарда ұстайды. Кездесуде бұл мәселелер де талқыланды.

Өз кезегінде депутаттар жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғау және әлеуметтік кепілдіктердің сақталуы партияның басты міндеттерінің бірі екендігін көрсетіп, кәсіподақтарға алғыс білдірді, алдағы уақытта аталған мәселелерді сессияларда көтеретінін жеткізді.

0
0
139

Осы тақырып бойынша

Жұмысшылардың еңбек құқығы мен әлеуметтік кепілдіктері - Yvision.kz