«Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» жобасы
"Nur Otan" партиясы Маңғыстау аудандық филиалында "Бизнестің жол картасы-2020", "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асырылу барысы туралы филиалдың Саяси кеңес бюросының отырысы өтті. Отырыста аталған жобалар бойынша жасалып жатқан жұмыстар кеңінен талқыланды.
Бизнесті қолдау мен дамытудың «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында Маңғыстау ауданы бойынша 2015 жылдан бері жүзеге асқан жобалары туралы айтылатын болса, жалпы сомасы 885,0 млн. теңге 17 бизнес- жоба- Аймақтық Үйлестіру Кеңесіне АҮК шығарылды. Оның ішінде барлығыда- 885,0 млн. теңге 17 жоба АҮК- де мақұлданып, ЕДБанктерге қаржыландырылды. 2020 жылы Аймақтық үйлестіру кеңесіне 165,1 млн теңгеге 1 бизнес- жоба шығарылды, одан «Казына- Мангыстау» ЖШС 165,1 млн. теңгеге 1 бизнес- жоба Екінші Деңгейлі Банктерге қаржыландырылды.
Маңғыстау ауданы бойынша «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» жобасы бойынша аудан бойынша жобалар саны – 23, жұмыс орындарын құру бойынша – 633, сондай-ақ, жұмыспен орталығы арқылы жұмысқа тұрғандар саны – 359. Аталған жобалар бойынша 12 нысанның жұмысы аяқталып, пайдалануға берілді.
