"Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы" бағдарламасы бойынша жұмыс
Бейнеуде "Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы" бағдарламасы бойынша жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Бағдарлама бойынша ұзындығы 20,2 шақырым ауылішілік 21 көшенің автомобиль жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ Тоқабай Құрмаш көшесіндегі жол құрылысы толықтай аяқталды.
