Жұмыспен қамту орталығы азаматтарға кеңестер берді
Осы жылғы 9 қаңтарда «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық бөлімшесінің ғимаратында Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысына ертерек жазылып қойған, азаматтарды қабылдау жүргізілді.
Азаматтарға кеңестер берген: Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Л.Н.Жетібаева, «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық бөлімшесінің қоғамдық қабылдау меңгерушісі Д.Р.Рахымқызы, қоғамдық қабылдау кеңесшісі М.Киікбай, сонымен бірге Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары-әлеуметтік көмек көрсету бөлімі басшысының м.а.,Күнболат А., жұмыс берушілерді қолдау бөлімінің маманы Г.М.Қамбарова.
Қабылданған сегіз адамның ішінде жұмыссыздар, көпбалалы отбасылар, жалғыз басты аналар болды.
Негізінен, азаматтардың жүгінуі жұмысқа орналастыру, әлеуметтік көмек көрсету мен басқа да әлеуметтік мәселелерді шешу болып табылады.
Азаматтардың барлық өтініштері мұқият тыңдалды.Түсінікті жауаптар берілді.
Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары түсіндіру жұмыстарын жүргізді және «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша үлестірме материалдары таратылды.
