Жұмыспен қамту мәселесін қозғады
Партияның қалалық филиалының депутаттық фракция мүшелері «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» тақырыбында ауылдық округтердің жұмыссыз тұрғындарымен ZOOM-конференциясы арқылы кездесті. Диалог барысында ұзақ уақыт бойы жұмыссыз жүргендерге үлкен көңіл бөлінді. Өз кезегінде кездесуге қатысушылар жұмыс орындарын іздестіру, зейнетке ерте шығу, жүкті әйелдерге жәрдемақы төлеу және өзге де әлеуметтік маңызды сұрақтарға жауап алды.
