Жұмыспен қамту мәселесі талқыланды
Жиын басын Т.Ж.Султанова сөз алып бір қатар жұмыспен қамту мәселесі бойынша қысқаша түсініктер айтып өтті.мен жұмыспен қамту мамандарымен тілдескен кезде олардың айтуынша жұмыспен қамту орталықтары көрсететін қызметтердің жұмысы қайта қаралған. 2019 жылдан бастап орталыққа жүгінген әрбір азамат атаулы және жеке тәсілмен қамтыла бастайды деді. Мамандыққа бейімдеу жүргізіледі да, нақты мамандыққа икемін анықтау үшін кәсіптік бағдарлау көзделген екен.
Жұмыспен қамту орталықтары тіркелген жұмыссыз адамға тиісті жұмыс туралы хабарлайды. Жұмыспен қамту орталықтары жоқ ауылдарда азаматтар атаулы әлеуметтік көмек алу үшін жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері - мамандарына жүгіне алады. Олар тіркелуге, жұмысқа орналасуға көмектесе алады. Халықты жұмыспен қамту орталықтары түрлі мекемелер үшін персоналды іріктеу бойынша мамандандырылған кадрлық қызмет ретінде жұмыс істей бастады. Орталық жұмыс берушілерге барынша сай келетін мамандарды іріктеп береді, осылайша мамандардың орынсыз ағымын жояды екен. Жалпы жиынның өткізілу мақсаты азаматтар мен азаматшаларға мемлекет тарапынан үлкен жұмыстарда атқарылып к жатқандығынан хабардар етіп, өздерін жұмыссыз жүрмеуге, еңбек түбі береке екенін түсіндіру болып табылады.
